
1–6 сыныптар үшін. Тереңдетілген ағылшын, математика және робототехника, авторлық PRIZMA методикасы, толық күн режимі және жанұялық жылылық.
Біз білім мен құндылықты бірге дамытамыз — әр бала қауіпсіз, қамқор және дамытушы ортада өседі.
Әр балада жеке жұмыс дәптері, PRIZMA dollars мотивациялық жүйесі және "9 айда 9 кітап" оқу жобасы.
Ағылшын тілі күнделікті + Speaking Club, Сингапурлық математика, қаржылық сауаттылық және робототехника.
Психолог, логопед-дефектолог және медицина қызметкері әр оқушыны күнделікті қадағалайды.
Сынып жетекші және сынып аралық ментор — әр балаға жеке көңіл бөлінеді, максимум 18–20 оқушы.
Таңғы ас, түскі ас, бесін ас — балансталған халал тағамдар мектеп ішінде дайындалады.
Балаңыз үйге тапсырмасыз қайтады — этюд уақыты мектеп ішінде толық орындалады.



Балаларыңыздың білімі мен тәрбиесі — өз ісінің кәсіби мамандарының қолында.




Күн тәртібінен бастап тереңдетілген пәндерге дейін — Prizma School балаңызды жан-жақты дамытады.
Балаңыз мектепте оқиды, тамақтанады және дамиды — толық күн бойы қауіпсіз ортада.
Үй жұмысы мектеп ішінде орындалады, үйге тек кітап оқу тапсырмасы қалады.
Әр апта сайын арнайы шығармашылық күн өткізіледі.
Мектепке дейін және кейін тасымалдау қызметі ұсынылады (ерекшеліктері бойынша).
Ағылшын пәні күнделікті тереңдетіліп оқытылады, апта сайын Speaking Club өткізіледі.
Әлемде танылған әдістеме бойынша логикалық және сандық ойлауды дамытамыз.
PRIZMA dollars мотивациялық жүйесі арқылы балалар қаржыны басқаруды ойын түрінде үйренеді.
Логикалық ойлау мен инженерлік дағдыларды дамытатын тереңдетілген робототехника сабақтары.
Әр балада жеке жұмыс дәптері болады, сабақтар осы әдістеме бойынша құрылымдалған.
Кітап оқуды әдеттендіру бағдарламасы + READ-X мектеп тарапынан берілетін арнайы оқу кітаптары.
Таңғы ас, түскі ас және бесін ас — барлығы мектеп ішінде дайындалады. Тасымалдау қызметі бар оқушылар үшін де тамақтану жүйесі ұйымдастырылған.
Балаңыздың талантын ашатын 8 бағыт — спорттан өнерге дейін.




PRIZMA оқушылары әлемдік олимпиадаларда еліміздің намысын қорғап жүр.
16 мемлекет қатысқан олимпиададан оқушыларымыз жүлделі орындар алып, Баку қаласындағы (Әзірбайжан) финалға жолдама жеңіп алды. Математика/логика, қазақ тілі, дүниетану және ағылшын пәндерінен жарысты.
Қырғызстанда өткен SASMO халықаралық математика олимпиадасында жеңіске жеткен оқушыларымыз Сингапур мемлекетіне жолдама жеңіп алды. Бұл — PRIZMA-ның тереңдетілген Сингапурлық математика бағдарламасының нәтижесі.





Алғашқы жарна төлемақысы жоқ. Орын саны шектеулі — қазірден бастап өтінім қалдырыңыз.
9 ай бойы төленеді
| Мектеп формасы (бомбер, поло, футболка) | 45 000 тг |
| Оқулықтар мен әдістемелік құралдар | 45 000–60 000 тг |


WhatsApp немесе Instagram арқылы бізбен байланысыңыз және өтінім қалдырыңыз.
Мектеп ғимаратына келіп, сыныптармен және мұғалімдермен танысыңыз.
Қажетті құжаттар тізімін мектеп әкімшілігінен алып, тапсырыңыз.
Алғашқы жарнасыз, ай сайынғы төлем жүйесі бойынша оқу ақысын төлейсіз.
Балаңыз PRIZMA SCHOOL отбасының мүшесі болады 🎉
PRIZMA SCHOOL отбасыларының шынайы пікірлері — 2GIS платформасынан.
★★★★★ 4.9 · 245 пікір, 2GIS-те қарау →"Алматыда жекеменшік мектептер аз емес. Бірақ неге дәл Prizma school? Құндылыққа негізделген білім жүрек пен ойды бірге ашады. Кәсіби ұжым, жайлы орта, көптеген үйірмелер, сапалы тамақтану."
"Менің екі қызым осы мектепте оқиды. Өте жақсы мектеп, жан-жақты десем қателеспеймін."
"Биыл баламды Prizma School мектебіне бергенімізге өте қуаныштымын! Осы бір оқу жылының ішінде балам қатты өзгерді..."
"2 А сыныбында ұлым оқиды. Prizma мектебінің ұстаздарына шын жүректен алғысымды білдіремін!"
"1ші Ә сыныбын аяқтап жатырмыз, Айнұр Ахметбекқызына алғысымыз шексіз 🙌🙏"
"Бұл мектеп – білім мен тәрбиенің ордасы. Ұстаздар қауымы өз ісінің нағыз мамандары..."
PRIZMA SCHOOL өміріндегі маңызды оқиғалар мен жетістіктер.

16 мемлекет қатысқан FSIO халықаралық олимпиадасында 21 оқушымыз жүлделі орын алып, Баку қаласындағы финалға өтті. Финал мамыр айында өтеді.

Қырғызстанда өткен SASMO халықаралық математика олимпиадасында оқушыларымыз жүлделі орындар алып, Сингапур мемлекетіне жолдама жеңіп алды.

Оқушыларымыз халықаралық олимпиада аясында Баку қаласына сапар шегіп, еліміздің туын желбіретіп, жаңа тәжірибе жинады.
Заманауи сыныптар, кітапхана, асхана және демалыс аймақтары.








Мектеппен танысу турына жазылыңыз немесе бізге тікелей хабарласыңыз.
Алғашқы жарна төлемақысы жоқ. Орын саны шектеулі — қазірден бастап өтінім қалдырыңыз.